ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰЛТТЫҚ ПАРАЛИМПИАДАЛЫҚ ҚҰРАМА КОМАНДАСЫН IV АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНА РЕСМИ ШЫҒАРЫП САЛУ РӘСІМІ ӨТТІ
Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиадалық құрама командасын IV Азия Пара ойындарына ресми шығарып салу салтанатты рәсімі өтті. Сары құрлықтың басты бәсекесі 22-28 қазан аралығында Ханчжоу қаласында өтеді.
4 жылда бір рет ұйымдастырылатын жарысқа еліміздің атынан 131 атлет қатысады. Олар 14 спорт түрінен, яғни пара жеңіл атлетика, бочча, пара пауэрлифтинг, шахмат, пара жүзу, пара велоспорт, пара дзюдо, пара каноэ, волейболды отырып ойнау, пара таеквондо, пара садақ ату, пара үстел теннисі, академиялық есу және пара оқ ату спорт түрлерінен 485 медаль үшін таласады. Айта кету керек, Қазақстан құрамасы 2010 жылдан бері Азияның Пара ойындарына төртінші рет қатысуда.
«2010 жылы Қытайда бастауын алған Азия Пара ойындарына Қазақстан спортшылары үздіксіз қатысып, ел намысын абыроймен қорғап келеді. Биылғы жылы да еліміздің атынан 131 спортшы 14 спорт түрінен қатысады. Байрақты бәсекеде пара спортшыларымыз үздіктер қатарынан көріну үшін мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалды. Биылдың өзінде ұлттық құрама спортшылары 40-тан астам спорттық іс-шараға, 30-дан астам оқу- жаттығу жиындарына қатысып, біліктілік шыңдады. Ендігі кезек өздеріңізде. Біз сіздерге сенеміз!
Азия Пара ойындарында сәттілік тілеймін!», — деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.
Айта кетейік, Азия ойындарында жүлде алған спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын ақшалай ынталандыру мақсатында құрлық чемпионы атанған спортшыға 10 000 АҚШ доллары көлемінде ақшалай сыйақы беріледі. Ал, алтын медаль иегерін жарысқа дайындаған жаттықтырушыға 5000 АҚШ доллары қарастырылып отыр. Құрлық біріншілігінің күміс жүлдегері 5000 АҚШ доллары, ал жаттықтырушысы 3000 АҚШ доллары көлемінде сыйақы алады. Сондай-ақ, қола медаль еншілеген құрама спортшысына 3000 АҚШ доллары, ал оның жаттықтырушысына 2000 АҚШ доллары көлемінде ақшалай ынталандыру белгіленген.
Жарысқа сары құрлықтағы 43 мемлекеттен 4 мыңға жуық спортшы қатысады. Олар спорттың 22 түрінен жалпы саны 564 медаль (паралимпиадалық спорт түрінен — 490 және паралимпиадалық емес спорт түрінен — 74)