СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРІ “ТҰРАН СУ” МЕКЕМЕСІНІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов бастаған делегация Түркістан облысына арнайы жұмыс сапарымен келді. Топ құрамында ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің кеңесшісі Дәулет Әбілқайыров
ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары Гульмира Имашева, “Қазсушар” РМК бас директорының орынбасары Ербол Салықбай және “Нұра топтық су құбыры” РМК басшысының міндетін атқарушы Ерболат Беркінбаев та бар.
Сапар аясында министрлік өкілдеріне облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы аймақта ағын су мәселесін шешу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды жан жақты баяндады. Ал өз кезегінде су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Молдиярұлы “Тұран су” мекемесі тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп кәсіпорынның алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Бұл бағытта министр шаруаларды ағын сумен қамту бағытында әлі де атқарылар істердің ауқымдылығын айта келе, су үнемдеу шараларын жетілдірудің маңыздылығына тоқталды. Яғни осы бағытта жұмыла жұмыс жасап, суды тиімді жеткізе білуде мекемеге артылатын сенім мол. Міне осындай маңызды мәселелер айтылған кездесу соңында Нұржан Молдиярұлы “Тұран су” мекемесінің жаңа ғимараты ауласына сәндік ағаш көшетін егіп, көріктендіру ісіне өз үлесін қосты.