БЕС ЖЫЛДЫҚ ЖОСПАР ҚАРАЛДЫ

137

Сауран ауданы әкімдігі аппаратының мәжіліс залында ауданның апталық мәжілісі болып өтті. Мәжілісті аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев ашып, жүргізіп отырды. Жиналысқа аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты.

Мәжілістің күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Атап айтар болсақ, Сауран ауданында 2022 жылдың қорытындысы бойынша қаржының игерілуі және Түркістан облысының 2023-2027 жылдарға арналған даму тұжырымдамасы бойынша ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысы И.Мырзахметов аталмыш 2 мәселе бойынша баяндама жасады. Сонымен қатар, Сауран ауданында төтенше жағдайлардың алдын алу барысы туралы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы М.Қуанышбаев хабарлама жасады.

Аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша 2022 жылдың қорытындысы бойынша қаржының игерілуі бойынша межені орындамаған ауылдық округ әкімдеріне ескерту жасады. Сонымен қатар, берілген тапсырмаларды орындамаған тиісті бөлімдер мен ауылдық округ әкімдерін жұмыс жасауға шақырып, нақты тапсырмалар берді.

«Сауран-ақпарат».