Әл-Фараби ауданында көгалдандыру жұимыстары кестеге сай жүргізілуде

667

Шымкент қаласының гүлденуін күзгі салқын түскенге дейін сақтап тұру үшін Әл-Фараби ауданында гүлдер мен ағаштарды күтіп-баптау жұмыстары күнделікті жүргізілуде. Көгалдандыру жұмыстарына жауапты мекеме жасыл желек отырғызудан бөлек, оны қырқу, арамшөптерден тазалау,түбін қопсыту, суару жұмыстарын атқаруда.

Ауданның келбетіне айналған гүлдерді егу күз мезгілінде қайта жалғасын табады. Сондай-ақ ағаш көшеттері мен шым егу жұмыстары да қараша айына жоспарланып отыр.