ЕСКІ ИҚАНДАҒЫ ЕЛЕУЛІ ІСТЕР

58

Аудан әкімі Ескі Иқан ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.

Алдымен Ескі Иқан ауылдық округінің әкімі Д.Сайдовтың 2022 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі тыңдалды. Бұдан соң аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаевтың 2022 жылы атқарған жұмыстарының есебі туралы бейнефильм ауыл тұрғындарының назарына ұсынылды.

Ескі Иқан ауылдық округі тұрғындарымен кездескен аудан әкімі Ғалымжан Қарабайұлы 2023 жылы аудан көлемінде атқарылатын жұмыстарды атап өтті. Соның ішінде коммуналдық салаға кеңінен тоқталған аудан әкімі ауыз су, табиғи газ, электр қуатымен қамтамасыз ету, жол, көгалдандыру, кәсіпкерлік және туризм, әлеуметтік, білім, денсаулық салалары бойынша биылғы жылы жүзеге асырылатын жұмыстарды баяндады.

Кездесу аясында ауыл тұрғындары Д.Маннатов, Р.Абдусаттаров, М.Юлдашевтар ағын су тапшылығы, газ, су, ауылдық округте туризм саласын дамыту, жер, мақта мәселесі, Д.Қонаев көшесін абаттандыру бағытында көптеген мәселелер көтерді.

Сонымен қатар, жеке қабылдауға келген Д.Шерметов жер, ортақ жайылым мәселелерін көтерсе, М.Юлдашев табиғи газ, Диханабад учаскесін елді мекен ету жөнінде өтініштерін жеткізді. Тұрғындардың өтінішін тыңдаған аудан әкімі мәселелердің шешу жолдары туралы түсіндірді.

Аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаевтың кездесуіне арнайы келген Ұлы Отан соғысының ардагері, ғасырды алқымдаған Закир Мұсаев атамыз аудан әкімінің атқарған жұмыстарын оң бағалап, алдағы атқарылатын жұмыстарына сәттілік тілеп, ақ батасын берді.