ИАССЫДАҒЫ ИГІ ІСТЕР

99

Аудан әкімінің Иассы ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуін аудан әкімінің орынбасары Серік Садибаев ашып, жүргізіп отырды. Осыған орай, Иассы ауылдық округіне барған аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаевтың кездесуінде алдымен Иассы ауылдық округінің әкімі С.Турметовтің 2022 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі тыңдалды. Бұдан соң, кездесудің күн тәртібіне сәйкес, ауданның 2022 жылы атқарған жұмыстарының есебі туралы бейнефильм көпшілік назарына ұсынылды. Иассы ауылдық округ тұрғындарымен кездескен аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев 2023 жылы аудан көлемінде атқарылатын жұмыстарды баяндап өтті. Бұдан соң, кездесу сұрақ-жауапқа ұласып, тұрғындар тарапынан көптеген мәселелер көтерілді. Атап айтсақ, ауыз су, жер учаскелерін заңдастыру, мектеп жанынан жаяу жүргіншілер жолын салу, «Кентау мен Түркістан» жолы бойынан Иассы ауылдық округі жанынан бейнекамера орнату, ағын су, шлюз орнату, жер телімдері берілсе, спорт алаңдары салынса деген ұсыныс пікірлерін білдірді. Ауыл тұрғындарының көтерген мәселелері бойынша аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев заң аясында кезең-кезеңімен шешілетінін, бұл бойынша тұрақты бақылауда болатынын жеткізді. Кездесу соңында аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев жеке қабылдау өткізіп, ауыл тұрғыны А.Наршабаев Шобанақ жалпы орта мектебінің трансформаторынан келетін электр қуатын «Жауқазын» бөбекжай балабақшасына тарту мәселесін айтты. Аудан әкімі бұл бойынша аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне нақты тапсырма беріп, аталған мәселені бақылауға алып, шешілетінін жеткізді.