«AMANAT» ПАРТИЯСЫ СЕРТІНЕ АДАЛ
«AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының ұйымдастыруымен Ескі Иқан бастауыш партия ұйымында жиналыс өтті.
Жиналысқа аудандық партия филиалының төрағасы, Саяси кеңес мүшесі С.Асылбеков, аудандық мәслихаттың VII шақырылымындағы депутаты болған мәслихат төрағасы, саяси кеңес мүшесі М.Күнпейісов, Ескі Иқан бастауыш партия ұйымының төрағасы З.Чалданов қатысты. Жиналысты Ескі Иқан бастауыш партия ұйымының төрағасы З.Чалданов ашып, жүргізіп отырды. Күн тәртібінде екі мәселе қаралды.
Аудандық мәслихаттың VII шақырылымындағы депутаттардың есебін тыңдау. Екінші аудандық конференцияға делегат сайлау. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық мәслихаттың VII шақырылым депутаты болған мәслихат төрағасы, саяси кеңес мүшесі М.Күнпейсов VII шақырылымдағы депутаттардың атқарылған жұмыстары бойынша есебін берді. Жиналыс барысында аудандық мәслихат депутаттарының мәслихат сессияларында көтерілген ұсыныс пікірлері жинақталып, аудандық мәслихат депутаттары тарапынан жыл басынан он екі депутаттық сауалдар жолданғаны нақтыланды.
Оның ішінде депутат А.Сауранбекованың Жаңа Иқан ауылдық округіндегі 1500 гектар жерді суармалы сумен қамтамасыз ету үшін «Иқан су» өзенінде су қоймасын салу туралы сауалы бар. Депутат А.Асаевтың Жүйнек ауылдық округіндегі «Шекербұлақ» суының мәселесін және «Қарсақты» арығы арнасындағы кедергілерді заңға сәйкес реттеу туралы сауал тастады.
Әсіресе, депутат Т.Садуов аса белсенділік көрсеткен. Ол Үшқайық ауылдық округі, С.Қожанов ауылының тұрғыны М.Бейсенованың мүгедектігі бар баласын оңалту шараларын өткізу туралы, Бабайқорған ауылдық округі, Абай елді мекенінің тұрғындарымен өткізілген көшпелі қоғамдық қабылдау барысында айтылған ұсыныстарды шешу туралы, Майдантал ауылдық округінің тұрғындарымен өткізілген көшпелі қоғамдық қабылдау барысында айтылған ұсыныстарды шешу туралы, Бабайқорған ауылдық округіне қарасты Абай елді мекенінде және Майдантал ауылдық округінде спорттық кешен салу туралы мәселелер көтерген. Депутат А.Шалданбаевтың «Самара-Шымкент» автомобиль тас жолының бойында орналасқан ауылдық округ, елді мекен тұрғындарына ақылы жолдан алынатын алымды алып тастап, тек транзиттік автокөліктерге ақылы жол жасау туралы сауалнамасы қаралды. Депутат М.Абишеваның Шаға ауылдық округіндегі ұялы байланыстың және Интернет желісінің нашарлығы туралы хабарлаған. Депутат М.Күнпейсовтың Шорнақ ауылдық округі, Аша елді мекеніндегі темір жол тұсынан жер асты немесе жер үсті арнайы өткелдің құрылысын салу, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Қ.Абасовқа Ескі Сауран елді мекеніне «Самара-Шымкент» автомобиль жолынан бұрылыс ашу, Шорнақ ауылдық округіндегі жол бойынан мал айдау өткелін қарастыру және Аша елді мекеніндегі темір жол тұсынан жер асты немесе жер үсті арнайы өткелдің құрылысын салу, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты С.Ертаевқа Ескі Сауран елді мекеніне «Самара-Шымкент» автомобиль жолынан бұрылыс ашу, Шорнақ ауылдық округіндегі жол бойынан мал айдау өткелін қарастыру, Майдантал ауылдық округі тұрғындарымен өткізілген кездесу барысында берілген ұсыныстарды шешу туралы депутаттық сауалдар жолданып, тиісті жауаптары алынды.
Екінші мәселе бойынша бастауыш партия ұйымының төрағасы З.Чалданов аудандық конференцияға делегат сайлау бойынша хабарлама жасады. Жиынға қатысқан бастауыш партия ұйымының мүшелері ұсынылған делегаттарды бір ауыздан қолдады. Жиынды қорытындылаған С.Асылбеков партияның сапалық құрамын арттыра отырып жұмыстар жүргізуді, партияның алға қойған мақсаттары мен міндеттерін бірлесе орындауға шақырды. Ескі Иқан бастауыш партия ұйымының мүшелері өткен жылы елдегі болған саяси реформаларда белсенділік танытып, партияның мақсат міндеттерін орындауда жүйелі жұмыс атқарғандары үшін алғысын білдіріп, партияластарына сәттілік тіледі.