ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ — УАҚЫТ ТАЛАБЫ
Сауран ауданы құрылғалы бері жастардың ауылдарда тұрақтап қалып, өз бизнестерін ашып, ел дәулетін еселей түскені байқалады. Бұған мемлекет тарапынан да қолдау көрсетіліп келеді. Осыған орай, Сауран ауданы жұмыспен қамту орталығының директоры Қонарбай Амангелдіұлымен сұхбаттасқан едік.
— Қонарбай Амангелдіұлы, өткен жылдары қанша жасқа мемлекеттік грант бөлініп, қаншасы ұтып алды? Олардың ішінде жұмысын жемісті атқарып отырғандарын атап өтсеңіз.
— «Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 7 ақпандағы №47 бұйрығына сәйкес, 182 азаматқа мемлекеттік грант бөлінді. Оның ішінде 29 жасқа дейінгі 100 азаматқа грант берілді.
Мемлекеттік грантты алған 182 азамат өз кәсіптерін ашып, жұмыстарын жүргізуде. Атап айтар болсақ, Икрамжан Бакиров, Қаламқыз Сапарова, Фатима Журабекова, Сырбек Құлтаев, Ақерке Абдраимова жеңіп алған грантқа өз кәсіптерін ашып, бүгінде еңбектерінің жемісін көріп отыр.
— Биылғы жылды Мемлекет басшысы «Ауыл жылы» деп жариялады. Осыған орай, қандай жобалар мен жоспарларыңыз бар? Негізінен ауыл шаруашылығы өнімдерін ұқсата пайдалануға көңіл бөліп жатқандары бар ма?
-Мемлекет басшысының биылғы жылды арнайы «Ауыл жылы» деп жариялауында үлкен мән бар. Ауыл мен ауыл шаруашылығы еліміздің экономикалық және әлеуметтік өмірінде айрықша орын алатыны анық. Жалпы, бұл тек Қазақстанның ауыл шаруашылығын көтеру жылы ғана емес, бұл – қазақтың ауылын қайта жандандыру, түрлендіру деген сөз.
Мемлекеттік грантты жеңіп алған 33 жас кәсіпкер ауыл шаруашылығы өнімдерімен айналысуда. Атап айтсақ, мал бордақылау, құс асырау, тамшылатып суару, егін шаруашылығы.
— Қонарбай Амангелдіұлы, өзіңіз басқаратын аудандық жұмыспен қамту орталығының алға қойған басты бағытын атап өтсеңіз?
— Біздің алға қойған басты мақсатымыз Сауран ауданының халқын жұмыспен қамту. Жастарды мамандықтарына сәйкес тұрақты жұмысқа қамту. Сонымен қатар, қоғамдық және жастар практикасы арқылы алғашқы жұмысқа орнала-суына және мемлекеттік гранттарды алуға бағыт-бағдар береміз.
Жеке кәсіпкерлерге көмек ретінде мемлекет тарапынан жұмыскерлердің айлық мөлшерінің 35 пайызы субсидия (қайтарымсыз қаржы) ретінде беріледі. Зейнет жасына дейінгі азаматтарға көмек ретінде күміс жас жобасына 20 АЕК төлемінде көмек көрсетіледі.
— Биылғы жылы бизнес бастаған 35 жасқа дейінгі азаматтарға қолдау ретінде 5 млн. теңгеге дейін несие бөлінбек екен. Оның жай-жапсары қандай? Қандай құжаттар толтыруы керек.
-Жастар қатарындағы үміткер-лерге мерзімділік, ақылылық, қайта-рымдылық, қамтамасыз етілу, ныса-налы пайдалану қағидаттарын сақ-тай отырып, мынадай шарттарда микрокредиттер беріледі. Атап айт-сақ, мал шаруашылығы саласын-дағы жобалар үшін микрокредит мерзімі – 7 жылға дейін беріледі.
Микрокредиттің ең жоғары сома-сы – 5 млн. теңгеге дейін, номинал-ды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 пайыздан аспайды. Кепілмен қамтамасыз етудің болуы негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең микрокредит беру мерзімінің ұзақтығы — 1/3 құрайды.
ҚР салық заңнамасына сәйкес сенім білдірілген өкілге микрокре-дит алу үшін жүгінген сәтте дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелу мерзімі бес жылдан аз кәсіпкерлер. Микрокредит беру үшін үміткердің жасы құжаттарды тапсыру сәтінде ескеріледі.
— Басқа да ойыңызда жүрген өзекті жайларға тоқталсаңыз.
-Атаулы әлеуметтік көмек алушыларды азайтып кедейлік шегінен шығару үшін мемлекеттен жеңілдетілген несие беріп өз жеке кәсібін ашуға ықпал жасау қажет. Және де жұмыспен қамту белсенді шараларына тартып, аз қамтылған отбасылар санын азайтуға ықпал жасау.
Ләззат САРЫБАЕВА.