ЕЛІМІЗ ДАМИ БЕРСІН

298

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясының ашылу рәсіміне көпшілік тікелей эфир арқылы куә болды.

Онда Мемлекет басшысы ел дамуының басым бағыттарын, яғни, экономикадағы іскерлік белсенділікті ынталандыру, өндірістік әлеуетті барынша арттыру, инфрақұрылымды дамытуға қатысты жаңа ұстаным мен азық-түлік қауіпсіздігі, адами капитал сапасын әрі қарай арттыру, әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы азаматтарды қолдау, адам құқығын қорғау жүйесін жетілдіру, мемлекеттік басқарудың тиімділігін және стратегиялық жоспарлаудың сапасын көтеру қажеттілігін айқындап айтты.

Президентіміздің алға қойған осы басым бағыттары еліміздің өркендеуіне оң ықпал етіп, әлемнің дамыған мемлекеттері қатарына қосыла берейік!

Акажон ИЗЗАТУЛЛАЕВ,

Жаңа Иқан ауылының тұрғыны, ҚР Журналистер Одағының мүшесі.