ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

140

Сауран ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында Сауран ауданының әкімі Ғалымжан Үсенбаевтың төрағалығымен Сауран ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия отырысы болып өтті. Мәжіліске комиссия мүшелері, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары және тиісті сала басшылары қатысты.

Комиссияның күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің бас маманы Мейіржан Әділбеков білім беру ұйымдарындағы квазимемлекеттік сектор субъектілерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстары туралы, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Аман Туребаев құрылыс саласындағы сыбайлас жемқорлықтың жай-күйі және атқарылып жатқан жұмыстары туралы баяндама жасады.

Мәжіліс соңында аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев күн тәртібінде қаралған мәселе бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында кешенді шара қабылдап, бірлесіп, қоғам болып күресу қажеттігін айтты.