“ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҚТАРЫ” ГРАНТЫ БОЙЫНША ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ.

82

Сауран ауданы Жібек жолы ауылдық округінде жастарға «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты насихатталды.

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау конкурсын бастады.

Гранттар жаңа идеялар мен бастамаларды іске асыру үшін конкурстық негізде мынадай бағыттар бойынша беріледі:

«Ғылым» – ғылымның басым секторларында жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған;

«Мәдениет» – Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыруға арналған;

«Ақпараттық технологиялар» – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және әзірлеуге арналған;

«Бизнес» – экономиканың басым секторларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған;

«Медиа» – жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған.