АНА МЕН БАЛА ЖАҒДАЙЫ — БАСТЫ НАЗАРДА

149

Сауран ауданы әкімдігінің жанындағы «Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат» жөніндегі комиссия мүшелері және адам, бала құқықтары жөніндегі уәкілдерінің қатысуымен жиналыс өтті.

Кездесудің күн тәртібінде қазіргі кездегі басты проблема болып отырған бала тәрбиесі, баланың сабаққа деген ынтасын арттыру, баланың психикасына кері әсерінсіз тәрбиелеу жолдары айтылды. Сонымен қатар, үйде отырған әйелдердің күнделікті қайталана беретін күйбең тіршілігінен депрессияға түскен әйелдерге бір мезгіл өзіне уақыт бөліп, өмірін жақсы жаққа қарай өзгерту мақсатында ұсыныс, идеялар жоспарлау жасау, отбасында зорлық-зомбылық құрбаны болып жүрген әйелдер мен балаларды тиімді анықтау жолдары мен олармен жұмыс жасау керектігі сөз болды.

Ауданымыздағы балаларға мүмкін болатын қауіп-қатер түрлері мен оны жою мақсатында ұсыныстар құру, кәсібін енді бастағалы жатқан әйелдерге тәжірибе алмасу мақсатында ауданның кәсіпкер әйелдермен кездесу ұйымдастыру, аз пайызбен несие алу жолдары, салауатты өмір салтын ұстану жолдарын насихаттап, өмір сүру уақытын ұзарту туралы атап өтілді.

Жиын барысында қазақтың ұлттық салт-дәстүрін жастарға үйрету мақсатында әжелерімізден сабақ алу керектігі қозғалып, талқыға түсті. Яғни, болашақ тізгінін ұстар, елінің ертеңі болар, халқының үмітін ақтай білетін дені сау, білімді де саналы жас ұрпақты өсіру талабынан туындап отырғаны көпшілік тарапынан айтылды.

Кездесуде әрбір тиісті сала өкілдері бүгінгі таңдағы балалар арасындағы жасалып жатқан қылмыстар мен олардың салдары, отбасылық зорлыққа ұшырап жатқан жағдайлар жайлы жан-жақты тоқталып, және өз ұсыныс-пікірлерін білдірді. Шараға қатысушылар тарапынан бірнеше сұрақтар қойылып, жоғарыда аталған факторларды болдырмау, қазіргі қоғамдағы балалардың тәрбиесін жақсарту, психологиясына кері әсер ететін жәйттерден арылту, бала тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлуді насихаттау бағыттарында ұсыныс-пікірлер ортаға салынды.

«Сауран-ақпарат».