ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ 16 КҮН АКЦИЯ АЯСЫНДА АШЫҚ ЕСІК КҮНДЕРІ ӨТУДЕ

67

Сауран аудандық емханасында 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы аясында есік күндері өткізілді.

Акцияға Сауран аудандық емханасының психолг маманы Мусабекова Айнур, Сауран ауданы әкімдігінің «Әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы»КММ-нің психолг маманы Раметова Саодат, Сауран АПБ ЖПҚ ӘЗЗҚт инспекторы полиция лейтенанты Қ.Қалданова, Сауран ауданы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің теолог маманы Дияна Дилмуратқызы қатысып, тұрғындармен және жастармен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аталған топ мүшелері акция аясында арнайы дайындалған үнпарақтар тарқатты.

Акцияның мақсаты — тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу жұмыстары бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы көпшілікті хабардар етті. Сонымен қатар, халықтың назарын аталған проблемаларға аудару, сондай-ақ азаматтардың полиция органдарына деген сенімін арттыруға бағытталды.