САУРАН АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

158

2023 жылдың қараша айының 25-сі мен желтоқсанның 10-ы күндері аралығында аудан көлемінде «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акция басталады.

Іс-шара әйелдерге қатысты әртүрлі дискриминация түрлерін жою туралы (Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 29 шілдеде ратификациялаған) конвенцияға сәйкес, жыл сайын 25 қараша — Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық көрсетуді жою халықаралық күніне орай, ұйымдастырылуда.

Акцияның негізгі мақсаты — көпшілік халықты әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескертуге, алдын алуға, ана мен баланы қорғауға, қоғамдағы отбасының рөлін күшейтуге бағытталған қабылданып жатқан шаралармен таныстыру болып табылады.

Егер де сіз, қандай да бір зорлық-зомбылықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, отбасындағы зорлық-зомбылық сіздің өміріңізге ғана емес, жақындарыңыздың да өміріне төніп тұрған қатер. Сондықтан, зорлық-зомбылық фактісі орын алған болса төменде көрсетілген байланыс нөмірлерге дереу хабарласыңыз.

Байланыс телефондары: 102 немесе 8-705-430-43-81

Сауран аудандық АПБ-нің ЖПҚБ әйелдерді зорлық-зомбылыққа қарсы бөлімінің инспекторы Қ.Қалданова

8-777-742-75-81

Сауран аудандық «Әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының» Тұрмыстық зорлық-зомбылық бөлімшесінің меңгерушісі Жексенбаев

8 (775) 379 89 87