“ШЫМКЕНТТЕ СУ ЖАҢА 400 АВТОБУС ЖҮЙТКІМЕК..”

671

,,Планетамыз 2 градусқа жылып кетті» деп әлем ғалымдарының дабыл қаққанына біраз болды.Басты себебі миллиондаған зауыт- фабрикалардан, одан да көп автокөліктерден есепсіз, бақылаусыз шығып жатқан улы газдар,- дейді сала мамандарының басым бөлігі.Осыны ескеріп әлемдегі ең ірі зауыт фабрикалардың түтін шығатын мұржаларына ең соңғы үлгідегі сүзгілер қойылған. Ал, автокөліктерге амал табылмай жүр еді…
Газбен яғни экологиялық таза отынмен жүру көптеген проблеманы шешетін көрінеді.
Осыны ескерген Шымкент қаласының әкімдігі аталған мәселені мықтап қолға алған сыңайлы. Айтуларына қарағанда мамыр айында Шымкент жолдарына заманауи түрде жабдықталған, ең бастысы газбен жүретін 200 автобус шығатын көрінеді. Шілдеге дейін тағы 100- і жолға шықпақ.Жоба бойынша жыл соңына дейін барлығы 78 бағытта 400 автобус қала көшелерінде жүйткімек. Мұнан бұрын ішінде желдеткіші, хабарламаға арналған микрафоны және пандус пен мүгедектер арбасын орналастыратын арнайы орны бар 590 автобус әкелініп қала автопаркі жартылай жаңартылған еді.
Антарктида мен Арктиканың мәңгілік делінетін алып мұздақтарын ерітіп жатқан аса улы газбен күрес қазір әлемдік ауқымды қамтиды. Олай болса Шымкенттік сала мамандарына алғыстан басқа айтарымыз жоқ…
Ә.Белгібай
,,Аra24.kz» агенттігінің шеф- редакторы