ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ ТҮЛКІБАС АУДАНЫНЫҢ ХАЛҚЫМЕН КЕЗДЕСТІ

189

Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Н.Әбішов, облыстық мәслихат депутаттары Д.Егамбердиева, Н.Шақимергенқызы облыстық мәслихаттың өткен жылы атқарған жұмыстары туралы есеп беру және тұрғындардың мәселелерін тыңдау мақсатында Түлкібас ауданының халқымен кездесті.  Кездесуді Түлкібас ауданының әкімі Н.Ізтілеуов жүргізіп отырды.

Кездесуге  аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігінің салалық бөлім басшылары, қоғамдық ұйымдар басшылары, аудан халқы және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов ауданның экономикалық-әлеуметтік дамуына тоқталып, депутаттар тарапынан ауданның дамуына барынша қолдау көрсетіліп жатқандығын жеткізді.

Жиын барысында облыстық мәслихат депутаты Н.Шақимергенқызы                      2023 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады. Ол өз баяндамасында Түлкібас ауданына 2023 жылы түрлі сала бойынша жалпы 42 нысанға 3 миллиард 56 миллион теңге (оның ішінде республикалық бюджеттен — 246 миллион, ұлттық қордан — 416 миллион, облыстық бюджеттен — 2 миллиард 394 миллион теңге) бөлінгендігін айтты.

Депутат Д.Егамбердиева жастарды қолдау, кәсіпкерлікті дамыту, кәсіпкер әйелдерге қолдау көрсету бойынша жұмыс жасап жатқан бағдарламаларға тоқталды. Сонымен қатар, ол Түркістан облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкіл ретінде балалар арасындағы суицидтің және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу бойынша арнайы жобаларды іске асыру жоспарланып  отырғандығын жеткізді.

Сондай-ақ, халық қалаулылары тұрғындардың өтініштері мен           ұсыныс-пікірлерін тыңдады және сұрақтарына жауап берді.

Тұрғындар тарапынан  жайылым жерлер туралы, жылдамдығы жоғары интернетпен қамту, заманауи мәденеиет үйлері мен спорт залдарын салу сынды мәселелер көтеріліп, депутаттар бұл мәселелерді назарға алды.

Жалпы,  аудан халқы депутаттардың жұмысын оң бағалап,  алдағы істеріне сәттілік тіледі.

Кездесуден соң, облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов жеке қабылдау өткізіп, аудан тұрғындарының  мәселелерін тыңдады.

Жеке қабылдауда аудан тұрғындары көтерген барлық мәселелерді бақылауға алып, аудан әкімдігіне тиісті ұсыныстар енгізді.

Түркістан облыстық мәслихаты