ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕНІҢ МАҢЫЗЫ –ҚАУІПСІЗДІКТЕ

215

Шорнақ ауыл округінде тұрғындардың қауіпсіздігі ең маңызды мәселенің бірінен саналады. Мұнда әскери патриоттық жұмыстарды атқару бойынша тиісті шаралар жүргізілуде. Мәселен өткен жылы әскерге 380 шақырылушы іріктелген. Дәрігерлік сараптамадан 97 шақырылушы өтті. Облыстық әскери сараптамадан 24 бала өтіп, 12 айда 16 азамат әскер қатарына жіберілді.

Полиция тірегінде бір учаскелік полиция қызметкерлері жұмыс атқаруда. Учаскелік инспекторлар бекетінде мемлекет тарапынан салынған қызметтік үйде учаскелік инспекторлар өздері түзген кезекшілікпен ауысып тұрады. Рейдтен басқа уақытта жұмыс орнында болады. Тоқсан сайын мектептердегі оқушылармен кездесу өткізіліп, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тығыз байланыста болады. Осындай кешенді шаралардың нәтижесінде өткен жылы ешқандай қылмыс орын алған жоқ.