ӨҢІРЛЕРДІ ДАМЫТУ – ЖОБА

267

Ауыл округінде 2021 жылға «Өңірлерді дамыту» бағдарламасымен Шорнақ ауылдық округі бойынша 39 көшені жөндеуге құжаттары дайындалды. 32 көшеге жарықтандыру жүргізу үшін сметалық құжаттары дайындалды. Аша елді мекені бойынша «Таза су»-бағдарламасының 2-ші кезеңі жүргізілді. Ағымдағы жылы қолданысқа беріледі.

Шорнақ ауылдық округі әкімі аппаратына келген ауыл тұрғындарының мұқтаждықтарына орай, ауыл әкімінің тарапынан атқарылған жұмыстарды дені көпшіліктің ойынан шықты.

Атап айтатын болсақ Аша елді мекеніндегі С.Көшербаев көшесіндегі ойылған көпірге тас төгіліп, елді мекен тұрғындарының өтініштері қанағатандырылды. Шорнақ ауылдық округі бойынша Қазақстан Теміржолы торабы астынан өтетін су өткелдері толып шаруалардың шағымдануына алып келді. Осы мәселені шешу барысында, теміржол қызметкерлерін жұмылдырып, сенбіліктер өткізу арқылы тазалау жұмыстары жүргізілді. Шорнақ елді мекеніндегі Ы.Алтынсарин көшесі бойындағы тұйықтар және Қосмезгіл елді мекенінің жаңа құрылыс түскен Ш.Уалиханов, Д.Қонаев, Р.Атабаев көшелеріне ауылдық округ тұрғындарының жолға шағымдануына байланысты 30 ауыр көліктегі тас төгіліп көшелер біршама ретке келтірілді.

Ауылдық округтегі өзекті мәселелерді зерделеу барысында ауыл тұрғындарының сұранысы бойынша Арыс-Түркістан каналының бойын толық аралап, ағын-суды шаруалардың егістігіне толық жеткізу мәселесі егжей тегжей қаралды. Мәселені толық шешу үшін «Тұран су» мекемесінің басшыларымен бірнеше рет кездесулер өткізіліп, көктемгі егіс жұмыстары кезеңінде сумен толық қамтамасыз ету туралы уәделері алынды.

Қазіргі таңда су өтетін дүкірлер толық тазаланып су өтетін жүйелері толығымен дайын. С.Тоймахан, Ы.Алтынсарин көшелерінің бойына тал егіліп, ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратының алдына заманауи автотұрақты іске қосып, әйелдер мен ерлер әжетханасымен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар аталған аумаққа әрлеу сырлау жұмыстары жүргізілді.