КӘСІПКЕРЛІК КЕРЕГЕСІ КЕҢЕЙІП КЕЛЕДІ

216

Шорнақ ауылдық округі күн санап көркейе түсуде. Оның сыртында аудан орталығы мәртебесіне ие болуы да үлкен жауапкершілік жүктейді. Соған байланысты кенттегі кәсіпкерлер қызмет көрсету сапасын көтере түсуде. Қазіргі таңда Шорнақ, Аша, Қосмезгіл, 32 разъезд елді мекендерінде орналасқан заңды 83 жеке кәcіпкерлер бар. Оның ішінде 52 жуығы сауда нүктелері. Шорнақ ауылдық округі бойынша жалпы құны 280млн тенге болатын 4 инвестициялық жоба тартылып, жеке кәсіпкерлер қаражатына іске асырылып жатыр. Оның ішінде жеке кәсіпкерлер бала-бақша, сауда орны, қонақ үй, дәріхана ашуға кіріскен.

Бүгінгі таңда Қосмезгіл елді мекенінде 120 орынды «Нұр-Жанар» бала-бақша өз жұмысын атқарып, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр. Соның арқасында 120 әйел аналар өздерінің сүйікті кәсіптерімен айналысуда.

Мемлекет басшысының қолдауымен жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында жаңа бастамашылықтарды қолдауға арналған мемлекеттік грантты 8 азамат жеңіп алды. Аталған азаматтар 200 есептік айлық көрсеткіш 583400 теңге көлемінде мемлекеттік грант қаржысын алып, кәсіптерін жүргізуде. Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына тартылған инвестициялардың нақты көлемінің индексі 20 млн болса, «Сунақ ата» есімімен жеке кәсіпкер Сирожиддин Шонабаев 30 млн. теңгеге тамақтану орыны, наубайхана құжаттарын жасауда.