ҒАЛАМ СЫРЛАРЫН АШҚАН – ҒЫЛЫМ МЕН ИСЛАМ

85

Адамзат баласы жаратылып, жер бетіндегі тіршілікке мән дарытып өмірдің мәні мен мазмұнын айшықтап тұрушы ең негізгі үш феномен бар. Олар; дін, мәдениет және ғылым. Осы үш негіздің бірі адам өмірінен шалыс кетсе өмірдің мәні бұлыңыр болады

Дінді бейнелеп айтар болсақ, талдың тамыры іспетті. Ал мәдени құндылықтар осы талдың жасыл жапырағы мен хош иісті гүлі һәм тәтті жемісі. Әдетте тамырға ешкім қызықпайды. Алайда тамыр болмаса, жемісте, гүлде болмайды. Дін тоқырағанда мәдениет пен ғылымда өз тіршілігін тоқтатады.

Бұған дейін де ғылым болған, алайда оның қоғамға тұрақты қызмет етуі орта ғасырда дамуы біршама артта қалған еді. Қазіргі таңда әлемді дүр сілкіндірткен ғылыми жаңалықтар осыдан 14 ғасыр бұрын Құран Кәрімде баяндалған еді. Технологиялық дамыған заманда әлем ғалымдары жарыса жариялап, ашып жатқан таңғажайып жаңалықтары өте көп. Солардың бірі әлем ғалымдары мынадай сауал қойыпты: Жер бетіндегі ең нашар әрі жаман үй қайсы үй?

Бірлесе келе ғалымдар мынадай тұжырымға келіпті: Ең нашар әрі жаман үй – өрмекшінің үйі. Неліктен? Себебі, аналық өрмекші бала өрмекшілерді дүниеге әкелгенде, аталық өрмекшінің (әкелерінің) қанын сорып, өлтіріп, тордан лақтырып тастайды. Уақыт өте бала өрмекшілер жабыла аналық өрмекшіні (аналарын) жейді де, тордан шығарып тастайды. Сөйтіп өздері әр жерге  тарап кетеді. Неткен берекесіз, әрі нашар үй. Осы себепті өрмекшінің үйі ең осал әрі нашар үй деп саналады. Бірақ ең қызығы бұл жайлы Құран 14 ғасыр бұрын хабарлап қойған екен. («Анкәбут» сүресі 41-аят).                            

Ғалымдар Құранды зерттеген сайын түрлі ғылыми жаңалықтар ашуда. Медицина ғылымдары адам анатомиясын зерттеп, күрделі тәжірибелер жасап, таңқаларлық жаңалықтарды паш етуде. Соның бірі адам баласының денесінде өте көп қантамырлары  бар. Олар көк тамыр, күре тамыр, қыл тамыр. Егер біз олардың барлығын бір тізбекке қойсақ, тамырлар ұзындығы 100 000 км құрайды екен. (Яғни, сіздің бір өзіңізде 100 000 км қантамыр бар!) Салыстыра келе жер ғаламшарын толық  бір айналым жасау 40 000 км-ді құрайды, Демек біздің қантамырларымыз жер ғаламшарын 2,5-рет айналып келуге жетеді. Бұған негіз екінің бірі сенбеуі мүмкін, алайда бұл анатомия ғалымдарының дәлелдеген ғылыми ақпарат!   

Исламның жер бетіндегі таңғажайып ашылуларға қосқан үлесі орасан зор. Соның бірі Астрономия ғылымы. Технология дамыған заманда, әлем ғалымдары түрлі жаңа ғылыми ақпараттарды жариялап дәлелдеген болатын. Космостағы «Hubble» телескопы жақында сөнген жұлдыздың суреттерін ұсынды. Ғалымдар зерттеу жұмысын жүргізу арқылы бұл жұлдыздың қалай өлгенін анықтауға кіріседі. Көптеген ғалымдар бұл жұлдызды жарылып кетті деп тұжырым жасады. Алайда, зерттеу нәтижесінде ғалымдар бұл алып жұлдыздың өзіне-өзі оралып, уақыт өте жарығы сөнгенін анықтайды. Ал енді 1400 жыл бұрын  түскен Құранда күннің қалай өлетінін баяндаған аятқа назар салсақ: «Күн оралып, жарығы сөнген сәтте» әне, сонда әрбір жан өзі үшін не әзірлеп қойғанын анық білетін болады. («Такуир» сүресі, 1-аят)            

Қорыта айтар болсақ, әлем сырлары өте көп. Қазіргі таңда технология үздіксіз даму жолында. Адам баласы зерттеп біле алмаған дүниені әлем ғалымдары жарса ізденіспен жаңалықтар ашуда. Бой жетпеген жерге-ой жетер, қыран жетпеген жерге-қиял жетер деп текке айтпаса керек.