Түркістан облысында ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін 667 әлеуметтік инфрақұрылымдық нысан бар
Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспардың бағыттарының бірі кешенді қолжетімділік және кедергісіз орта болып табылады. Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 154-бабының 6) тармақшасына сәйкес, мүгедектігі бар адамдар инфрақұрылым, ақпараттандыру объектілеріне, көлікке, ақпаратқа, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шараларға, спорттық сайыстарға және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қолжетімділіктің қамтамасыз етілуіне құқылы.
2023-2024 жылы «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге» атты сайлауалды бағдарламасының 26 тармағын орындау жөніндегі жол картасына сәйкес ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін әлеуметтік инфрақұрылымның Түркістан облысы бойынша 667 нысан анықталды. Бүгінгі таңда нысандар тізімі аудан, қала әкімдерінің мүгедектігі бар адамдардың ісі жөніндегі кеңесшілерінің келісімімен аудан, қала әкімдерімен бекітілді. Оның ішінде, білім және денсаулық басқармасына қарасты мемлекеттік 235 нысан бар.
Бүгінгі таңда өңірде бейімдеу шарасымен 137 нысан қамтылды. Бұл мақсатта 27,4 млн теңге қаралған. Ал, 2023 жылы 154,7 млн теңге қаралған болатын. Қаралған қаржы шегінде толық бейімдеу шарасымен қамту мүмкіндігі жоқ. Бұл өз кезегінде бейімдеу жұмыстарын сапалы орындауға кері әсерін тигізеді. Сонымен қатар, жаңадан құрылысы жүргізіліп жатқан нысандарда халықтың қимылы шектеуші топтары үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету нормативіне сәйкестендіруді қажет ететіндігін атап өткен жөн.