Шымкент: қала әкімі жастар арасындағы әлем біріншілігінің қола жүлдегерін арнайы құтықтады

354

Бүгін жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс сегізінші сессиясында қала әкімі Мұрат Әйтенов Ресейдің Уфа қаласында өткен еркін күрестен әлем чемпионатының қола жүлдегері Бекзат Ермекбаевты ортаға шақырып, арнайы құттықтады.

Еске сала кетейік, Бекзат Ермекбаев күрес түрлерінен Уфада өткен 21 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем біріншілігінде М.Әуезов атындағы ОҚУ студенті Бекзат Ермекбай 65 келі салмақта үздік үштіктен көрініп, қола медаль жеңіп алған болатын.