САУРАНҒА САУДА ОРТАЛЫҒЫ ҚАЖЕТ

56

Біздің қоғам нарықтық саудаға айналды. Күн көрістің басты қазынасы саудадағы кәсіпкершілік. Мұны игерген түркістандық Әбдіғаппар Шаймерденов, Әбілаш Айдарбеков, Бектөре Асанбаев тағы басқалар сауда орнын тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдары ашып үлгерді. Біір кезде аудан орталығы болған Шорнақ ауылы бұл күндері көркейіп, тағы да Сауран ауданының орталығы болды. Ел қуанарлық қуанышты жағдай. Шорнақтан бірнеше мекеменің ғимараттары бой көтеріп, салынды. Шорнақ елді мекенінде он бес мыңдай халық тұрады. Күні бүгінге дейін Шорнақ елді мекенінде орталық сауда орыны жоққа тән. Шорнақтықтар күнделікті тұтынатын азық-түлік болсын, басқа да қажетті заттарды ат көлігін сабылтып, 20 шақырымдағы облыс орталығы Түркістанға келеді. Саураннан сауда орталығын аша алатын қауқарлы кәсіпкерлер жоқ па? Олар ел мүддесін ойлап аудан орталығы Шорнақтан неге сауда орнын ашпайды? Осы ой пікірімді аудан әкімі, жеке кәсіпкерлер қолдайды деген ойдамын. Сондай-ақ, Шорнаққа кіре берістегі тербелмелі мұнара маңынан арнайы орын белгілеп, шатыр құрып, әр апта сайын сенбі, жексенбіде жәрмеңке өткізіп отырса, жергілікті халық өздерінен артылған өнімдерін саудаға шығарар еді. Халық игілігі үшін жұмыс жасау кімге болса да, зор мәртебе емес пе?

Мәдібек ТІЛЕУБАЙҰЛЫ.