АЛАҢ ИЕЛЕРІНІҢ МЕРЕЙІ ҮСТЕМ БОЛДЫ

43

Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Мектеп Жана Икан» ЖШС жалпы орта білім беру мекемесінде жасөспірімдер арасында кіші футболдан жарыс ұйымдастырылды. Ауылымыздың мектептерінен 8 команда қатысқан жарыс тартысты өтіп, әрбір ойын күреске толы болды.

Жеребе тасталып, командалар екі топқа бөлінді. Әр топтан бірінші және екінші орынға ие болған командалар жартылай финалда бақ сынады. Жеңіске деген ұмтылысты жасөспірімдердің көздерінен де, әрекеттерінен де көруге болады. Күштілер жеңіс тұғырына көтеріледі демекші, жарыс қорытындысы бойынша алаң иелерінің мерейі үстем болды. Жеңімпаз мен жүлдегер командаларға кубок және грамоталар табысталды.

Жарыстың жоғары деңгейде өтуіне  қызмет  еткен  мектеп ұжымына  жарыс қатысушылары дән риза. Осындай сайыстарды ауылымыздың басқа мектептерінде де жиі ұйымдастырып тұру керектігі сөз болды.