«САЛАМАТТЫ ҚАЗАҚСТАН» МЕДИЦИНАЛЫҚ ПОЙЫЗЫ САУРАНДА
2023 жылдың 26 сәуір мен 6 желтоқсаны аралығында елімізде ең үздік дәрігерлері, медиаторлары, психологтары және заңгерлерінің қатысуымен «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы әлеуметтік жобасы іске асырылуда.
Әлеуметтік жобаның мақсаты – ел аймақтарының шалғай станцияларында тұратын азаматтарына тегін медициналық, психологиялық, құқықтық және медиативтік (татуласу) көмек көрсету.
Облыстардың шалғай станцияларында тұратын жағдайы қиын және әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтарға тиімді медициналық, психологиялық, құқықтық және медиативтік (татуластық) көмек көрсету, жәрдемдесу үшін білікті медицина мамандары, заңгер, психолог, медиатордың кәсіби қызметтері көрсетіледі.
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Сауран ауданы, Күншағыр станциясына 2023 жылдың 3 қарашасында түнгі 23.58-де келіп тоқтады. Медициналық пойыз заманауи диагностикалық және медициналық жабдықтармен (УЗИ, флюорография және т.б.), шағын операциялық бөлмемен, зертхана-мен, интернетке сымсыз қосылуға арналған байланыс құралдарымен жабдықталған. Медициналық пойыздар шалғайдағы станцияның тұрғындарына медициналық емхана, аурухана, кабинеттер жоқ, жоғары жылдамдықты интернетке қолжетімділік жоқ жерде медициналық көмек көрсетіледі. Күншағыр станциясынан «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызын қарсы алуға Сауран ауданы әкімінің кеңесшісі Самат Тәңірбергенов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрғазы Тажыбеков, аудандық емхананың бас дәрігері Бақыт Стамқұлов және тиісті сала басшылары қатысты.
Жоба аясында әлеуметтік жағынан мұқтаж топтарға көмек көрсетуге ерекше көңіл бөлінеді. Олар жалғызбасты, көп балалы аналар, мүгедек және ауыр дертке шалдыққан балаларды тәрбиелеп отырған әйелдер, жұмыссыз жастар, мүгедек әйелдер, зейнеткерлер, студенттер және басқаларға медиация келісімін жасасуға және қиын қаржылық жағдайға тап болған азаматтарға өз мәселелерін және шешу жолдарына көмек беріледі.
Сауран ауданы бойынша 250-ге жуық азаматтар жоғарыдағы аталған медициналық қызметті алуға мүмкіндік алды.
«Сауран-ақпарат».