ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАҢЫЗДАР

170

«Сауран ауданының Газ қызметі » коммуналдық мемлекеттік мекемесі Сауран ауданы аумағында табиғи газ құбыры жүргізілген және тұрмыстық газ баллондарын пайдаланушыларға әрдайым өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеді.

Табиғи газ – пайдалануға ыңғайлы,үнемді отын, үйімізге жылулық пен жайлылық әкеледі. Алайда, табиғи газды тұтыну ұқыптылық және жауапкершілікті талап етеді.

Табиғи газды пайдалану қайғылы жағдайларға соқтырмас үшін газ жабдықтарын ұқыпты пайдалануға шақырамыз.

1.Газ жабдықтарын пайдалану ережелерін қатаң түрде сақтауға;

2.Газ жабдықтарының желдеткіш көздері мен мұржалардың қалыпты жұмыс жасауын қадағалауға;

3.Мұржаны уақтылы тазалауға, қыс мезгілінде қатып, бітеліп қалмауы үшін мұржаның басын тұрақты тексеруге;

4.Газдың иісі пайда болғанда ,газ құрылғыларын дереу тоқтатуға;

5.Бөлмені желдету үшін желдеткіштер мен терезелерді ашуға;

6.От жақпауға, темекі шекпеуге, электр құрылғыларын қоспауға;

Газ тек дұрыс пайдаланғанда ғана – қауіпсіз. Тұрмыста газды пайдалану кезінде өрт-қауіпсіздік талаптарын және ережелерін сақтауға шақырамыз.

К.ЖАҚСЫЛЫҚОВ,

Сауран ауданының Газ қызметі КММ басшысы.