САУРАН АУДАНЫНДА АЛҒАШ РЕТ КӘСІПКЕРЛЕР ФОРУМЫ ӨТТІ

158

Мемлекттік бағдарламалар аясында кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауға арналған аудан кәсіпкерлерінің алғашқы бизнес- форумы өтті. Бизнес-форумның негізгі мақсаты, алыс жақын шетел және отандық инвесторларды тарту есебінен тиісті салалар бойынша өнеркәсіптік және туристік аймаққа айналдыру. Ауданның оған толықтай әлеуеті жетеді. Өңірде қазба байлықтары, ауылшаруашылық өнімдері, туризм саласының оңтайлылығымен бірге шығарылған өнімдерді саудалайтын кең көлемдегі нарық та қалыптасқан.

Форумның ашылуында сөз алған аудан әкімі Мақсат Таңғатаров 11 айда ауданға 28,0 млрд.теңгеге инвестиция тартылды. Оның 18,2 млрд. теңгесі жеке инвестиция есебінен. 2024 жылы 32,4 млрд.теңгеге 18 инвестициялық жобаны іске асыру үшін жоспарланып жатқанын атап өтті. 11 айдың қорытындысымен ауданның жалпы өңірлік өнімі 110,4 млрд. теңгені құрап, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 114,8%-ға артып, жан басына шаққанда 1 млн. теңгені құрады.

Жалпы, өнімнің ішінде 86,3%-ы ауыл шаруашылығы, 9,2%-ы өнеркәсіп саласы, 3,2%-ы құрылыс саласы болса, 1,3%-ы сауда саласының үлесінде. Өнеркәсіп саласында 10,1 млрд.теңгенің өнімі өндірілді, оның ішінде: Тау кен өндіру өнеркәсібінде 416,0 млн.теңге өнімі өндірілген. Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіретін бүгінгі таңда 32 жер қойнауын пайдаланушылар бар.

Кәсіптерін дамытуды көздеген азаматтарға ыңғайлы жағдай жасайтын Шаға ауылдық округінен 30 га аумаққа индустриалды аймақ және Оранғай ауылдық округінен 365 га аумаққа арнайы экономикалық аймақ құрылуда. Форумда аудан кәсіпкерлерінің басын қосып, тоғыз жолдың торабында орналасқан Сауран ауданының потенциялын тиімді пайдалану тетігі ұсынылды. Форумға жиналған кәсіпкерлер бұл басқосу ауданның өсіп-өркендеу сатысындағы маңызды оқиға екенін айтты.

Форум аясында аудан әкімдігі мен кәсіпкерлік ынтымақтастықты нығайту мақсатында бірқатар кәсіпкерлермен меморандумға отырды. Сонымен қатар ауданда кәсіпкерлік кеңесі құрылады. Бауырлас қалалардағы кәсіпкерлермен де меморандум түзілетін болады.

Ауданға инвесторларды тарту арқылы жеңіл, тау-кен, машина жасау, ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу өнеркәсібін, туризм кластерін дамыту арқылы аудан экономикасын көтеруді көздеп отыр. Форум аясында аудан әкімі бірқатар кәсіпкерлерге құрмет көрсетіп, марапаттады.

Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі