«БИЗНЕСКЕ ЖОЛ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1000-НАН АСТАМ КӘСІПКЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚОРҒАЛДЫ

158
Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифинг барысында хабарлады.
«Бизнеске жол» жобасы аясында қаланың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ұсынысымен негізсіз есептелген салықтар кәсіпкерлерге қайтарылды.
Кәсіпкерлердің сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін салықты заңсыз есептеуге қатысты өтініштері негізінде бизнес субъектісінің есепшоттарына 900 мың теңге қайтарылды.
Сондай-ақ, қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемдерді төлеуден босатылған кәсіпкерлерге 109 мың теңге қайтарылды.
Қаланың Антикор ұсынымын енгізгеннен кейін салық төлеушілермен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ақша кәсіпкерлерге қайтарылды.
Жыл басынан бері жоба аясында 1000-нан астам кәсіпкердің құқықтары қорғалып, 28 кейс оң шешімін тауып, 8 лауазымды тұлға кәсіпкерлердің жұмысына заңсыз араласқаны үшін түрлі жауапкершілікке тартылды.
Баспасөз конференциясының толық нұсқасын https://www.youtube.com/@AKO17/streams сілтемесіне өту арқылы көре аласыздар.
Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығы