«БІРЛІКТІҢ, ТАТУЛЫҚ ПЕН КЕЛІСІМНІҢ 30 ЖЫЛЫ»

577

Бүгін ҚХА-ның ХХІХ сессия барысында тәуелсіздік жылдарында қол жеткізілген басты-басты жетістіктеріміз тізбектелді. Елбасы, Ассамблея Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы өз сөзінде тарих біріктірген ұйымшыл қазақстандықтардың ең негізгі жетістігі ретінде әр этностың өзіндік артықшылықтарын бойына сіңіре отырып, Қазақстан жұрты жан-жақты дамыған ұлтқа айналғанан айрықша атап өтті. Орталық Азия мен Кавказ елдерін қоса алғанда еліміз сырттан инвестиция тарту бойынша бірінші орынға шыққандығы күллі әлемнің бізге деген сенімін көрсетеді. Осы межелерді бағындыруда Ассамблеяның да өзіндік үлесі бары ақиқат.
30 жылдықтағы жетістіктердің ең бастыларының қатарында Жаңа Түркістанды салу бар екені маған ерекше әсер берді. Көне қаладағы күн сайын, сағат сайын орын алып отырған өзгерістерді көре тұра, киелі орталығымыздың түлеуіне күә бола тұрып мақтанбаудан басқа амалым жоқ.
Сессия барысында Ассамблея Төрағалығына ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлануы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа Құрметті Төрағалықтың ұсынылуы сабақтастықтың айқын көрінісі болды.

Алишер Сатвалдиев
«Жанубий Қозоғистон» облыстық қоғамдық-саяси газетінің директор-бас редакторы