КЕНТАУДЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫНА ИНВЕСТОРЛАР 180 МЛН. ТЕҢГЕ ҚАРЖЫ САЛАДЫ

181
Тұрғын үй салу үшін жер берілетін аймақтарға алдымен инфрақұрылым тартылуы тиіс. Атап айтқанда, халыққа берілуі тиіс жерлер көпшілікке бөлінбей тұрып, онда электр жарығы, газ, су тартылып, жол төселуі қажет.
Кентау қаласында С.Сейфуллин көшесінде орналасқан учаскелерге демеушілер тарапынан инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдармен қамтамасыз ету бойынша құрылыс жұмыстары басталды. Осы бағытта Кентау қалалық құрылыс және сәулет бөлімі мен «SagulovInvest`s» ЖШС арасында меморандум түзілген.
Меморандумға сәйкес «Sagulov Invest`s» ЖШС арқылы 708 метр аумаққа электр желілері мен 1 шақырымға газ құбырын тарту, ауыз су және кәріз жүйелерінің құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Инвестиция көлемі – 180 млн. теңге.
Бүгінгі таңда инвестор есебінен жоғарыда аталған аумақта құрылыс-монтаж жұмыстары басталып, қарқынды түрде жүргізіліп жатыр.