АУДАН ӘКІМІ МАҚТА ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

108

Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров, аудан әкімінің орынбасары Серік Садибаев, Ескі Иқан ауылдық округінің әкімі Дилшод Саитов Ескі Иқан ауылдық округінде орналасқан «GOLDEN COTTON» ЖШС мақта қабылдау және қайта өндеу зауытының жұмысымен арнайы барып танысты.

“GOLDEN COTTON” ЖШС мақта қабылдау және қайта өндеу зауыты 2022 жылы ашылған, басшысы Ерлан Низамов. Жоба құны – 787,86 млн. теңгені құрайды. Зауыттың негізгі қызметі мақта қабылдау және қайта өндеу. 2022 жылдан бастап, бүгінгі күнге дейін Сауран ауданының шитті мақтасын жинап, қайта өңдеу жұмыстарын жүргізіп келеді.

Өндірілген өнімді Ресей, Беларусь және Қытай елдеріне сатуға шығарады. 2023 жылы 8 мың тонна мақта өнімін қабылдап, қайта өндеген. Бүгінгі күнде зауыт 90 азаматты жұмыспен қамтып отыр.

Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі