ТАБИҒИ ГАЗДЫ ЖЕКЕ СЕКТОРЛАРҒА ЕНГІЗУ ЖӨНІНДЕ НАҚТЫ ТАПСЫРМА БЕРІЛДІ

153

Аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен аудан аумағын газдандыру құрылысына жауапты мердігер мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдерімен бірлескен мәжіліс өтті.

Жиынның күн тәртібінде газ құбырлары тартылған ауылдардағы жеке секторларға құжат рәсімдеу, газ кіргізу мәселесі талқыланды.

Қарақұм, Төрткүл, Қажымұқан ауылдық округтеріне қарасты Ынталы, Спатаев, Елшібек батыр, Қызылжар ауылдарындағы үйге газ жүргізу көрсеткішінің төмендігін сынға алған аудан басшысы мердігер мекеме жауаптыларына ақпан айына дейін абонемент үлес салмағын 90 пайыздан асыруды тапсырды.

Сондай-ақ Азат Әбдіғалиұлы ауылдық округ әкімдеріне ауыл-аймақты аралап, іргеге келген көгілдір отынды тез арада жеке үйлерге енгізу бойынша тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет екендігін жеткізді.

Әрі жоғарыда айтылған тапсырмалардың орындалуын тікелей өз қадағалауына алатындығын айтты.