СОЗАҚТА ЖОЛДАРДЫ ҚАРДАН ТАЗАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

67
Созақ ауданының орталығында ішкі көшелерді қардан тазалау жұмыстары тоқтаусыз жүргізілуде. Аудан әкімі Мұхит Тұрысбековтің тапсырмасына сәйкес жауапты мамандар мен коммуналдық сала қызметкерлері жолдар мен аяқжолдардан бөлек, халыққа қызмет көрсету орталықтары, әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандар тазалығына баса назар аударып, қардан тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Бұған қоса, елді мекендерде ауыз су, электр желісі бойынша туындаған мәселелерді дер кезінде шешу мақсатында сала орынбасарларына тиісті тапсырмалар жүктелді. Жоспарға сай мамандар бекітіліп, жұмыстар қолға алынған.
Ауа райының қолайсыздығы кезінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін тазалық жұмыстарына 5 арнайы техника жұмылдырылып, 50 тоннаға жақын инертті материалдар себілді.