ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ ӘКІМШІЛІГІ ҚХА ХАТШЫЛЫҒЫ МЕҢГЕРУШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ Ғ.МАХАН БАСТАҒАН БІР ТОП ДЕЛЕГАЦИЯ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ АССАМБЛЕЯ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Ғалымжан Махан бастаған топ мүшелері Шымкент қаласына арнайы іс-сапармен келді.
Іс-сапар барысында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған әртүрлі контингентпен бірқатар кездесулер өткізу жоспарланған.
Кездесулер кестесіне сәйкес бүгін «Достық үйі» ғимаратында қалалық этномәдени бірлестіктер мен қалалық ҚХА жанындағы құрылымдардың жетекшілерімен кездесу өтуде.
Кездесу барысында топ жетекшісі Ғалымжан Маханнан бөлек, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, республикалық тәжік ЭМБ төрағасы Акбаржан Исмаилов, республикалық медиация кеңесінің төрағасы, Астана қалалық өзбек этномәдени орталығының төрағасы Шерзод Пулатов, «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Жұмырбаев сөз сөйлеп, еркін форматта сұхбаттасты.