МЕГАПОЛИС ЖАСТАРЫ ҚАЛАНЫ 1 ТОННАҒА ЖУЫҚ ҚОҚЫСТАН АРЫЛТТЫ

97

«Біз – таза қала үшін!». Бұл шымкенттік жастардың бүгінгі ұраны. Мегаполис жастары да республика көлемінде өтіп жатқан акцияда белсенділік танытты. Олар тарихи орындар мен қала көшелерінің бойында тазарту жұмыстарын жүргізді. Сондай ақ, ағаш ақтап, аялдамаларды жуды деп хабарлайды Otyrar.kz .

Бұл мегаполис жастарының бүгінгі ұраны. Шаһар басшысымен естелікке суретке түсіп жатқан жас буын республикалық сенбілікте белсенділік танытты. Шымкенттік жастар бірнеше топқа бөлініп, қаланың әр аумағында өткен тазалық жұмыстарына қатысты. Бір топ Ордабасы алаңын күл-қоқыстан тазартса, енді бірі Мұз сарайының айналасын жинады. Жастар ресурстық орталығының еріктілері небәрі 5 көшеден 1 тоннаға жуық қоқыс қалдықтарын шығарған. Сондай ақ, белсенділер ағаш ақтап, аялдамаларды да жуды.

Айым Аппаққұл, ерікті: «Біз жалпылама колледж студенттері болып қаламыздың тазалығына атсалысып жатырмыз. Адам тазалықты өзінен бастау қажет дегенді ұстану қажет. Өзіңе, айналаңа тазалықпен, махаббатпен қарау қажет»

Қаланың бес ауданында да өткен сенбілік Шымқала тарихи мәдени кешенінің аумағында да жалғасын тапты. Мұнда ерікті жастармен қатар, шығармашылық жандар да белсенділік танытты. Сала жауаптылары бұл тарихи нысанды тазалықта ұстау әр тұрғынның міндеті деп есептейді.

Жандос Құрбан, “Шымқала” тарихи-мәдени кешені директорының м.у.а: «Шымқала тарихи мәдени кешенінің аумағында тазалау жұмыстары жүріп жатыр. Бұл Шымкент қаласының аумағын қосылған үлес деп білеміз. Әрі бұл «Шымқала» тарихи мәдени кешені – тарихи орын болып есептеледі. Сондықтан да бұл аумақты әрқашан таза ұстау баршамыздың міндетіміз деп білеміз»

Айта кетейік, «Таза Қазақстан» жалпы республикалық акциясының екінші аптасы тарих және мәдениет ескерткіштерінің аумағын абаттандыруға арналады. Жауаптылар бүгінгі сенбілік алдағы аптада да жалғасатынын айтты.