ШЫМКЕНТТІКТЕР КӨШЕЛЕРДІ ЖУЫП, ҚАЛАНЫ ҚОҚЫСТАН ТАЗАРТТЫ

42

Жаппай сенбілік Қаратау ауданында да жалғасын тапты. Қала тұрғындары республикалық челленджде саябақтарды, көешелер мен ғимарат аумақтарын қоқыстан тазартты. Акцияға ересектер, балалар мен ақсақалдармен қатар тіпті қала қонақтары да атсалысты.

Қаратау ауданы аумағында да тұрғындар мен қызметкерлер республикалық акцияға белсенді қатысты. Майра Қалдарова сенбілікке таңертеңгі сағат 7-де шыққан. Екі ауысымда жұмыс істейтін ол, өзіне сеніп тапсырылған аумақта саябақтар мен гүлзардағы тазалыққа жауап береді. 6 жылдан бері қаланың тазалығы үшін янбай еңбек етіп келетін қызметкер қала тұрғындары мен қонақтары мегаполисті таза ұстауға бірігіп атсалысса екен дейді.

«Реттейміз, жұмысымыз тазалау, халықтың қоқыс қалдырған жерін тазалап ұстау. Жұмысымыз оңай емес, қиындау. Бірақ, сонда да кейбір халқымыз бар шашып кетеді. Таза ұстайтыны бар әрине, бірақ газонға қоқыс тастап кететіндер де бар. Соның артынан жинап, тазалап жүреміз. Шымкент халқының тұрғындары қаламызды бірге таза ұстайық,шашпайық», – дейді Майра Қалдарова.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Қаратау ауданында бірнеше аймақта тазалық жұмыстары жүргізілді. Жалпы ел бойынша өтіп жатқан науқанның мақсаты – қаланы көркейту, абаттандыруға атсалысу және мегаполисті таза ұстауға тұрғындардың назарын аудару.

Біржан Байтуов, «Қаратау» дәстүрлі өнер мектебінің директоры: «Тек мемлекеттік мекемелер ғана емес, әрбір азамат, әсіресе жастар, қоғам болып атсалысу керек деп ойлаймын. Үлкен тұрғын үйлердің айналасынан көріп жатамыз, әп-әдемі дайындап, жасап кеткен аллеяларға бір айдың көлемінде қайтып барсаңыз, орындықтардың сынып жатқанын, қоқыс жәшіктерінің төңкеріліп жатқанын көріп қынжыламыз. Соны бөтен адамдар емес, сіз бен біз жасап жатырмыз. Өкінішке қарай, тазалық сақтау мәдениетін қалыптастыра түсуге, әлі де жетілдіре түсуге мүдделіміз». Жаппай сенбілік Қаратау ауданында да жалғасын тапты. Қала тұрғындары республикалық челленджде саябақтарды, көешелер мен ғимарат аумақтарын қоқыстан тазартты. Акцияға ересектер, балалар мен ақсақалдармен қатар тіпті қала қонақтары да атсалысты.

Аудан тұрғындары, жастар мен қарттар «Т.Назарбеков» аллеясының аумағын, көшелердің бойын, «Нұрсәт» шағынауданы аумағын тазалады. Қоқыстардан тазартып, ағаштарды ақтап, абаттандыру жұмыстарын жүргізді. 500-ге жуық адам атсалысқан жұмыстың нәтижесінде, жалпы 18 текше метр қоқыс шығарылды