ТҮРКІСТАНДАҒЫ “ҒИЗЗАТ” МОТИВАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

83

Жуықта Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған болатын. 5 аптаға созылатын науқанның алғашқы аптасы «Таза өлке» деп аталады. Бүгін Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ның ұйымдастыруымен “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында “Ғиззат” мотивациялық орталығында тазалық жұмыстары жүргізілді. Игі бастамаға облыс жастары белсене атсалысуда.

Бүгінде аталған орталықта мүмкіндігі шексіз жандар жаттығу жасап, түрлі ем қабылдайды. Бұл орталық әлеуметтік ортаға бейімделумен, оңалтумен айналысады. Тазалық жұмыстарына қатысқан жастар көгалдандыру, аулалардағы шөптерді жұлу, ағаштарды әктеу жұмыстарына жұмыстарына жұдырықтай жұмылды.

Акцияның мақсаты – таза мәдениетті қалыптастыра отырып, табиғат ананы аяулау болып табылады. Сондай-ақ қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық тазалықты сақтауға атсалысу туған жерге деген сүйіспеншіліктерін оятуға бағытталған.