Зерендіде БАҚ фототілшілері ЕҰУ студенттеріне арналған шеберлік сабағын өткізді

2025 жылдың 4–5 қазан күндері Зерендідегі «Тұмар» демалыс-сауықтыру орталығында өткен«ZEREN photo fest» фотофестивалі аясындақазақстандық БАҚ фототілшілері ЕҰУ-дыңжурналистика және әлеуметтік ғылымдарфакультетінің студенттеріне шеберлік сабағынөткізді. Іс-шараны ЕҰУ-дың Ақпараттық орталығымен журналистика және әлеуметтік ғылымдарфакультеті ұйымдастырды. Фотофестиваль университеттің 30 жылдығына орай өтті.
Фестивальге әлеуметтік жәнеинфрақұрылымдық даму жөніндегі проректор Ләззат Төлегенқызы, журналистика жәнеәлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы Нұржан Қуантаев, «National GeographicKazakhstan» журналының фототілшісі ЕрболатШадрахов, «Егемен Қазақстан» газетініңфототілшісі Ерлан Омаров, ҚР Парламентініңфототілшілері Талғат Таныбаев пен ЖандәулетӨмірханұлы, «ҚазАвтоЖол» АҚ өкілі ҚалжанТұрсынбаев, «Егемен Қазақстан» газетінің жауапты хатшы орынбасары Алмас Манап, ЕҰУ ректор кеңесшісі Ғалымжан Мелдеш, Ақпараттықорталықтың басшысы Ербол Ерденбек жәнеоқытушылар мен студенттер қатысты.
Құттықтау сөзінде Ләззат Төлегенқызыфестивальдің биыл үшінші рет ұйымдастырылып отырғанын атап өтті:
«Дәстүрлі «ZEREN photo fest» – студенттерүшін жаңа білім мен тәжірибе алудың, ал фототілшілер үшін кәсіби тәжірибе алмасудыңтамаша алаңы. Біз бұл шараны табиғат аясындаөткізуіміздің өзіндік мәні бар. Мұндай орта шығармашылық адамдарға шабыт беріп, қалатіршілігінен демалуға мүмкіндік туғызады. Баршаңызға жемісті жұмыс, жаңа идеялар мен жақсы көңіл-күй тілеймін», – деді проректор.
Журналистика және әлеуметтік ғылымдарфакультетінің деканы Нұржан Қуантаевқатысушыларды байқау ережелерімен таныстырды:
«Фестиваль аясында студенттер өзтәлімгерлерінің жетекшілігімен түсіргенфотосуреттерін ұсынады. Байқау жұмыстары«Пейзаж», «Портрет» және «Фоторепортаж»жанрлары бойынша бағаланады. Қорытындысында қазылар алқасы үздіктердіанықтайды», – деді ол.
Фестиваль барысында мамандар студенттергефотоөнер, жаңалық дайындау, баспасөз релиздерінәзірлеу сияқты тақырыптарда шеберлік сабақтарынөткізді.
Байқау қорытындысы бойынша Гран-при иегерлері – «National Geographic Kazakhstan»журналының фототілшісі Ерболат Шадрахов жәнеоның шәкірттері Елдар Обайдуллин, ЖансаяСламова, Зарина Тайлақ пен Бекнұр Қарагүлатанды.
Бірінші орынды «Егемен Қазақстан» газетініңфототілшісі және жауапты хатшы орынбасары Ерлан Омаров пен Алмас Манап, сондай-ақолардың шәкірттері – Еркежан Сансызбай, ЕрасылНұрлыбекұлы және Әли Әбдібекұлы иеленді.
Екінші орынға Талғат Таныбаев пен ЖандәулетӨмірханұлы бастаған топ – Бауыржан Өмірзақов, Мансур Яхудинов, Камила Молдахметова, Аяжан Ментай, Еркеназ Кеңшілікова және Айсұлу Серікова ие болды.
Үздік үштікті Қалжан Тұрсынбаев пен оның командасы – Марат Бауыржан және Асқар Сейілбек түйіндеді.
«Үздік пейзаж» номинациясында Ерлан Омаров, Алмас Манап, Еркежан Сансызбай, Ерасыл Нұрлыбекұлы және Әли Әбдібекұлы жеңіске жетті.
«Үздік портрет» номинациясында Талғат Таныбаев пен Жандәулет Өмірханұлы, сондай-ақ олардың шәкірттері – Бауыржан Өмірзақов, Мансур Яхудинов, Камила Молдахметова, Аяжан Ментай, Еркеназ Кеңшілікова және Айсұлу Серікова жеңімпаз атанды.
«Үздік фототілші» номинациясында Ерболат Шадрахов пен оның шәкірттері – Елдар Обайдуллин, Жансая Сламова, Зарина Тайлақ және Бекнұр Қарагүл иеленді.
Жеңімпаздар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
