CАУРАНДА КӨКӨНІС ӨҢДЕУ ЦЕХЫ ЖЫЛЫНА 7 МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ ДАЙЫНДАЙДЫ

47
Cауран ауданы Оранғай ауылдық округінде орналасқан «Жасыл аймақ» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінің көкөніс өңдеу цехы қарқынды жұмыс істеп келеді. Жобаның құны — 72 млн теңге. Цехтың жылдық қуаты – 4 500 тонна жеміс-жидек шырыны. Сонымен қатар, жылына 1 500 тонна — көкөніс маринады, 1200 тонна — қызанақ, алма, асқабақ езбелері дайындалады. Цех жалпы 7 200 тонна көкөніс өнімін дайындайды.
Ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінің жер көлемі — 300 гектар. Оның ішінде алма бауы — 50 гектар, өрік — 40 гектар, жүзім — 30 гектар, алхоры — 40 гектар, суармалы жер — 140 гектарды құрайды. Айта кетсек, дайын өнімдер ішкі нарық пен көрші елдерге экспортталады.