КЕНТАУЛЫҚ ШАРУА «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫМЕН СҮТТІ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛҒА АЛҒАН
Кентау қаласының тұрғыны Абсаттар Маназаров сүтті бағыттағы мал шаруашылығымен айналысады. Кәсібін дамыту мақсатында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2,5%-бен 5 млн теңге несие алған. Қаржысына 10 сиыр сатып алған.
Абсаттар кәсіптің бұл түрімен 20 жылдан бері айналысып келеді. Бүгінде 15 сиырдан күніне 30-35 литр сүт сауып, қала тұрғындарына тасымалдап отыр. Шаруа екінші топтағы мүмкіндігі шектеулі жан бола тұра, еңбек қана адамды алға жетелейтінін айтады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі