ОЙЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНІНЕ ТАБИҒИ ГАЗ БЕРІЛДІ
Түркістан облысы әкіміның тапсырмасына сәйкес, аудан халқын көгілдір отынмен қамтамасыз ету бойынша қарқынды жұмыстар атқарылуда. Өңірімзде 10 елді мекенге табиғи газ құбыры жүргізіліп, қамтамасыз ету деңгейі 31,4 пайызды құрап отыр. 2020 жылы жеке әріптестік арқылы салынған газ құбыры өз шешімін көп жылдар бойы таппай, жүзеге асыру жұмыстары кезең-кезеңімен орныдалуда. Жыл басында Бершінтөбе, Ибата елді мекендері табиғи газға қосылған болатын.
Бүгінгі таңда 257 халқы бар Ойық елді мекеніндегі 43 абонентке табиғи газ берілді. Аудан басшысы Мақсат Таңғатаров тұрғындардың қуанышымен бөлісіп, аталмыш елді мекенге барды. Ауыл тұрғындары шынайы ризашылығын айтып, Мемлекет және облыс басшылығына және «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.
Алдағы уақыта газбен қамту бойынша Оранғай, Қарашық, Жүйнек, Шорнақ ауылдық округтеріне магистральды және ішкі құбырларына жобалар әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Аталған жобаларды қаржыландыруға республикалық бюджетке өтінім жолданды.
2024 жылы Бабайқорған, Майдантал, Жібек Жолы ауылдық округтеріне магистральды газ құбырын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттамалары әзірлеу жоспарлануда.
Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі