БАСҚАРМА ТАРАПЫНАН 30-ДАН АСТАМ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТҮРІ КӨРСЕТІЛДІ

159

Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы құзыретіне «Құрылыс және реконструкция жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну» мемлекеттік қызмет түрі жүктелген.

Порталға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні, ал дәлелді бас тарту – 5 (бес) жұмыс күні болып табылады. Қаладағы құрылыстарды, ғимараттарды, тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды, жеке тұрғын үйлерді реконструкциялау, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қосымша жер учаскесін бөлу, қасбеттерді реконструкциялау Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін негізге ала отырып жүргізіледі. Жауапты мекемеден мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі мынадай: (егер үй-жайларды (тұрғын үйдің бөліктерін) жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертілетін үй-жайлармен (үйдің бөліктерімен) көршілес басқа үй-жайлар (үйдің бөліктері) меншік иелерінің мүдделерін қозғайтын болса, олардың нотариалдық куәландырылған жазбаша келісімі, өзгертілетін үй-жайға өтініш иесінің меншік иесінің техникалық паспортының көшірмесі (тұпнұсқа салыстыру үшін ұсынылады), техникалық жоба, сауалнама парағы (қосымша инженерлік және/немесе коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосу және/немесе жүктемені арттыру қажет болған жағдайда).

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

Порталға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні, ал дәлелді бас тарту – 5 (бес) жұмыс күні болып табылады. Басқарма тарапынан 2023 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша 32 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілді.

Мемлекеттік қызмет – мемлекет қызметінің бір саласы және мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттілігін атқару жөніндегі қызметі болып табылады.

Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайларын Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы реттейді.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметтің ұйымдастырылуы мен атқарылуы келесі принциптермен негіз алады: заңдылық, қазақстандық патриотизм, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы, азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдындағы басымдылығын; Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке қол жеткізуге және өз қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызмет бойынша жоғарылатуға тең құқығы және Заңның 3-ші бабында айтылған тағы басқа принциптері.

Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының құрамына мемлекеттік қызметшілердің саяси және әкімшілік лауазымдары кіреді. Мемлекеттік саяси қызметшілердің мемлекеттік қызметке тағайындау, не сайлау негізінде кіруі, ал мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасуы конкурстық негізде жүргізіледі. Мемлекеттік қызметке кіретін адамдарға мынадай талаптар қойылады: олар Қазақстан Республикасының азаматтары  болу, жасы 18-ден кем болмауы, қажетті білімі, кәсіби даярлық деңгейі болуы керек және т.б.