БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРГЕ АТТЕСТАТ ТАРАТУ РӘСІМІ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК САҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ.

40

Ордабасы ауданы әкімі аппаратында 13.06.2024 жылы сағат 11-00 де 2023-2024 оқу жылын бітірген мектеп түлектеріне аттестат тапсыру рәсімін өткізу мәселесі бойынша арнайы жиын өткізілді. Аталған жиынға аудан әкімінің орынбасары, аудандық білім бөлімі, аудандық полиция бөлімі, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі және ауыл округі әкімдері мен мектеп директорларымен бірлесе өткен жиында аудандық полиция,білім, төтенше жағдайлар бөлімдеріне 14 маусым күні мектеп бітіруші түлектеріне атестат тапсыру іс-шара барысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және алдын алу шараларын қабылдау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, бірқатар тапсырмалар берілді.

Аудандық білім бөлімінің бас маманы Шербаев Құдайберген Қайпұлы жиынға қатысқан мектеп директорларына мектеп бітірушілердің өмірі мен денсаулығын қорғау, құқық бұзушылықтың алдын алуға қатысты тиісті берілген тапсырмалардың орындау қажеттілігіне тоқталды.

Сонымен қатар, табиғат аясындағы серуендерге, өзен-көлдерге, шағын су алаптарына суға түсуге тыйым салу және төтенше жағдай бөлімдерімен бірлесіп, кезекшілік ұйымдастыру, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түлектер, ата-аналар және педагогтар арасында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу мәселесі атап өтілді.

Сондай-ақ, жазғы маусымда балалардың жолдағы, судағы, табиғаттағы, тұрғын үйлердегі, көшедегі, ойын алаңдарындағы, ауладағы, сауықтыру орталықтарындағы, қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша да тиімді шараларды қабылдау керектігі ескертілді.

Ауданның білім ұяларында бітірушілерге аттестатты салтанатты түрде тапсыру, кездесулер мен серуендеулер ұйымдастырып өткізу кезінде қауіпсіздік шараларының сақталуы бақылауға алынды.