БІРЫҢҒАЙ ҚАБЫЛДАУ: 300-ДЕН АСА АЗАМАТТЫҢ АРЫЗ-ШАҒЫМЫ ҚАРАСТЫРЫЛДЫ

532

Кезекті бірыңғай қабылдауда қала әкімі Ғабит Сыздықбеков 50 тұрғынды қабылдап, түрлі салаларға қатысты арыз-шағымдары мен ұсыныстарын қарастырды. Орынбасарлары мен басқарма басшыларына, аудан әкімдеріне 300-ге жуық азамат өзекті мәселелері мен қаланы дамытуда игі бастамаларын жеткізді.

Жергілікті тұрғындар қоғамдық көлік, жол, тұрғын үй, жер учаскелерін бөлуде туындаған түрлі мәселелерімен қатар, білім, денсаулық салаларына қатысты сұрақтарына жауап алды.

Мемлекеттік қызметшілер әрбір өтінішті егжей-тегжейлі қарап, кәсіпкерлікті дамыту, әлеуметтік, жұмыспен қамту шаралары бойынша түсіндірмелер жүргізді.

Қала әкімі сала басшыларына тұрғындармен тығыз байланыс орнатып, өзекті мәселелерді заң шеңберінде шешуді тапсырды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі