МАҚТААРАЛ, САЙРАМ АУДАНДАРЫ «ТАЗА ӨЛКЕ – ТҮРКІСТАН» НАУҚАНЫНА АТСАЛЫСУДА

217


10 сәуір мен 11 мамыр аралығында Түркістан облысында «Таза өлке – Түркістан» науқаны басталды. Осы орайда Мақтаарал ауданында мемлекеттік мекемелер тазалық жұмыстарына белсене атсалысуда. Әсіресе, «Мақтаарал сервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, «Мырзакент қызмет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, «Шолпан» балабақшасы, «Достық» дәрігерлік амбулаториясы мен Мырзакент кенті әкімі аппараты, Жаңажол ауылдық округі әкімі аппараты қызметкерлері өз аумақтарында тазалық жұмыстарын тынымсыз жүргізуде.
Іс-шара барысында мекеме ғимараттары әктеліп, шарбақтарға бояу жағылды. Сондай-ақ қураған шөптер шабылып, ағаштар әктеліп, гүлдер егілді. Сонымен қатар күл-қоқыстар шығарылды.
Ал Сайрам ауданы бойынша тазалық науқанына Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен бөлімнің бағынысындағы «Әлеуметтік қызмет көрсету» орталығының қызметкерлері қатысты. Атап айтқанда, аумақты қоқыстан арылтып, ағаш түптерін ақтап, ауданымыздың тазалығына өз үлестерін қосты.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі