ОСЫ АПТАДАҒЫ СПОРТШЫЛАРЫМЫЗДЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР

21

Бейрут қаласында (Ливан) үстел теннисінен жастар арасындағы WTT Youth Contender-2024 халықаралық турнир өтті. Жарыстың екінші күнінде Шымкент қаласының спортшысы Қасым Нұрислам 17 жасқа дейінгі спортшылар санатында жекелей сында өнер көрсетіп, қоланы қанағат тұтты.

Сондай-ақ, Анталья қаласында (Туркия) әйелдер күресінен халықаралық турнирде спортшымыз 68 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Сейдуалы Бейбіт қола жүлдегер атанды.

Ел чемпионатына оралсақ, Шымкент қаласында триатлоннан Қазақстан Республикасының чемпионатында әзірге жерлестеріміздің еншісінде 1 алтын, 1 күміс медаль бар. Ал, Тараз қаласында жерлестеріміз пара жүзуден топ жарды, көру және тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасының Чемпионатында 17 алтын, 10 күміс, 2 қола жүлдеге қол жеткізді. Сондай – ақ, Павлодар қаласында өткен 2011 ж.т. қыздар арасында гандболдан Қазақстан Республикасының чемпионатында жерлестеріміз жеңімпаз атанды. Алматы қаласында өткен үстел теннисінен 2009 ж.т. және одан кіші жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионатында теннисшілеріміз 2 алтын, 3 күміс, 2 қола еншілеп, жалпы командалық есепте 1-ші орыннан көрінді. Сонымен бірге, Алматы қаласында Конкур спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасының Кубогінде жерлесіміз Маликаждар Шыңғыс қоржынымызға 2 алтын, 1 күміс жүлде салды. Өскемен қаласында тоғызқұмалақтан жастар және жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионатында Қалыбек Дастан классика түрінен жеңімпаз атанды. Ақтау қаласында Самбо күресінен 2008-2009 ж.т. жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жерлесіміз жүлдеден тыс қалмай 4 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль жеңіп алды.

Жанкүйерлерді жарқын жеңістерімен қуантқан барша спортшыны құттықтаймыз. Алдағы байрақты бәсекелерде де намысты қолдан бермей, үздіктер қатарынан көрінулеріне тілектеспіз.