«КИЕЛІ МЕКЕН»: АРЫСТА «ЖЕКЕН ШАЙЫҚ» КЕСЕНЕСІНІҢ АУМАҒЫ ТАЗАРТЫЛДЫ

158

«Киелі мекен» апталығы аясында Арыс қаласындағы тарихи-мәдени «Жекен Шайық» кесенесінің аумағы ретке келтіріліп, күл-қоқыстан тазартылды. Шараға «Жасыл Арыс» КММ қызметкерлері мен қоғам белсенділері қатысты. Сонымен қатар, аудандағы тазалық шараларына мекеме-кәсіпорындардан бастап, барлық ұйымдар өз үлестерін қосуда. Ал аудан тұрғындары тал мен гүл отырғызып, оларды күтіп-ұстау сынды жұмыстарды атқаруда.

Айта кетсек, «Жекен Шайық» кесенесі Арыс қаласынан 1,5 шақырым оңтүстік-шығыстағы жар төбесінде орналасқан. Төбедегі күмбезге 14 баспалдақ арқылы көтеріледі. Кесененің ішінде қабір бар.