ТҮРКІСТАН: «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» КММ ҰЖЫМЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ

96

Елімізде 8 сәуір күні республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бастау алған болатын. Аталған тазалық шарасына Түркістан облысының тұрғындары да ерекше қолдау білдіруде.

Экологиялық акция аясында мекеме ұжымдары, өңір тұрғындары, қоғам белсенділері, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері іргелес аумақтар мен белгіленген аулаларды тазалау, көгалдандыру, ағаштарды күтіп-баптау жұмыстарын жүргізуде.

Осы орайда, бүгін «Киелі мекен» апталығы аясында Сайрам ауданы, Көлкент ауыл округі Ханқорған елді мекенінде орналасқан Ханқорған қалашығында және Түркістан қаласындағы «Ұлы Дала Елі» орталығы маңайында сенбілік өткізілді.

Табиғатты қорғауға үндеген шараға Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасына қарасты мекеме қызметкерлері, «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұжымы қатысты. Сенбілік барысында аталған аумақтарда тазалау жұмыстары жүргізілді.

Аталған тазалық шарасына «Қоғамдық келісім» КММ-нің аудан, қалалардағы филиалдары да атсалысты.

Еске сала кетсек, «Таза Қазақстан» акциясы 5 аптаға созылады. 6 сәуірден басталған игі шара 11 мамырға дейін жалғасады. Одан кейін осы жұмыстарды дағдыға айналдыру көзделген. Әр аптаның өзіндік атауы мен нақты мақсаттары бар. 6-13 сәуір аралығында «Таза өлке» апталығы өтсе, 13-20 сәуір аралығында – «Киелі мекен», 20-27 сәуір аралығында – «Жасыл аймақ», 27 сәуірден 4 мамырға дейін «Өнегелі ұрпақ» апталығы, 4 мамырдан 11 мамырға дейін «Мөлдір бұлақ» апталығы өтпек. Жұмыстар қарқынды жалғасады.