«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ 5 БІРДЕЙ АУЫЛЫНДА ЭКОАКЦИЯ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

102

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы Сайрам ауданында жалғасты. Науқан аясында Сайрам ауданындағы Қасымбек Датқа, Әсіларық, Көмешбұлақ, Теспе, Құтарыс, ауылдарындағы орталық жол бойында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.

Жалпыхалықтық сенбілікке ауыл тұрғындары да атсалысты. Орталық көшедегі әрбір үйдің маңы қоқыстан тазартылды. Сонымен қатар мемлекеттік қызметкерлер, «Amanat» партиясы қызметкерлері, аудандық және облыстық мәслихат депутаттары, Жастар ресурстық орталығының мамандары мен еріктілер қатысты.

Тазалық жұмыстары барысында жеке үйлердің, мекемелердің, коммерциялық нысандардың сыртқы қасбеттері боялды. Сонымен қатар шарбақтар мен көпірлерді сырлап, ағаштар әктелді. Қираған жерлер ретке келтірілді.

Акцияны қолдау мақсатында облыстық әкімдіктің, мәдениет, білім, денсаулық сақтау және қоғамдық даму басқармаларының мамандары да атсалысты. Нормаға сай емес ақпараттық баннерлер мен сыртқы жарнамалар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Айта кетейік, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жыл бойына дәстүрлі түрде өткізумен жалғасады. Акцияның әр аптасы мазмұнды атаулармен өрнектелген. Алдымен «Таза өлкеден» басталып, «Киелі мекен» апталығы қорытындылануға жақын. Бұдан соң «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ» және «Мөлдір бұлақ» атауымен түрлі тазалық жұмыстары жүргізіледі.