Масылдықтан арылатын кез жетті

66

Түркістандық оқырмандарымыздың назарына әлеуметтік масылдық кедейлік, әлеуметтік теңсіздік, халықтың психологиялық ерекшеліктері мен мемлекеттің әлеуметтік саясат жөнінде мәліметтерді ұсынамыз. Жастардың басты құндылықтары қоғамдық пайдалы әрі әлеуметтік маңызды бағыттан жеке тұлғалық бағытқа ауысқанын көруге болады. Сауалнама жүргізгендердің 10%-ы жақсы білім алу, қызметте өрлеу сияқты әлеуметтік мәртебе көрсеткіштеріне ұмтылады. Көбісінде әлеуметтік пессимизм басым. 69,4%-ы таныс-тамырдың, 56,4%-ы бай әке-шеше, туыстардың арқасында жетістікке жетуге болады деп есептейді. Өз бетінше ізденіп, дамуға құлшынғандар жоқ

Десек те, бұл қазіргі таңдағы әлемдік мәселе. Мәселен, Батыс елдерінде NEET деп аталатын санат кең таралған. Қазақстанда әлеуметтік масылдықтың таралуына қатысты бірқатар зерттеулер жүргізілгенімен, олардың көбісі осы, NEET жастарына қатысты. Алайда, тәжірибеден байқағанымдай, мұндай теріс пиғыл басқа да адамдар тобы, мәселен, көпбалалы аналар, мүмкіндігі шектеулі адамдар арасында таралған. Бұл ретте үздіксіз күрес және ақпараттық түсіндіру жұмыстарын қажет етеді

Шынымен де, айналып келіп NEET жастарын зерттей бергеннен бұл мәселе шешілмейді. Себебі, масылдық пиғылы барлық әлеуметтік топтардың арасында көрініс береді. «Жеңіл ақша тапсам» деген түсінік пайда болды. Негізі кез келген жолмен келген жеңіл ақшаның ғұмыры ұзаққа бармайды. Маңдай терін төккен табыс қана берекелі болмақ. Осыны түсінбей адал кәсіп істеп, нәпақа табудан гөрі, біреуге масыл болып күнін көру әлдеқайда жеңіл сияқты көрінеді. Жалғыз мамандығына, алған дипломына иек артып отырып қалады. Қазіргі заманда бір мамандыққа байланып қалудың қажеті жоқ. Өйткен адам ұтылады. Қолыңнан не келеді, бойыңда қандай қабілет бар, соған қарай икемделу керек. «Алма піс, аузыма түс» дейтін уақыт емес қазір. Мұқтаждық бар, масылдық бар, екеуі бөлек дүние.